Қазақстандық конькишілер Солт-Лейк-Ситидегі әлем кубогі кезеңіне қатысады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 3-5 желтоқсан күндері АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында конькимен жүгіруден лицензиялық әлем кубогі кезеңі өтеді деп хабарлайды Olympic.kz. 

Әлем кубогінің үшінші кезеңіне Дмитрий Бабенко жаттықтыратын Қазақстан командасы да қатысады. 

Алғашқы жарыс күнінде 500, 3000 және 5000 метрден жүлдегерлер мен жеңімпаздар анықталады. 

Осы орайда, Қазақстан атынан әлем кубогінің қола жүлдегері Надежда Морозованың да сынға түседі. 


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы