Қазақстандық қақпашы әлемнің үздігі атанды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашысы Игита бесінші мәрте әлемнің үздік қақпашысы атанды.
Futsalplanet.com сайты дауыс беру қорытындысын жарияланды. 603 дауыс жинаған Леонардо Де Мело Вийера Лейте (авт. толық аты-жөні) жеңімпаз атанды. Ол Бразилияның қақпашысы Гуитта (561 ұпай) және Испанияның қақпасын қорғайтын Хесус Эррерадан (409 ұпай) басым түсті.
Игита бұған дейін де 2015, 2016, 2018 және 2019 жылдары әлемнің үздік қақпашсы атанған. Осымен бесінші мәрте үздік болған Игита бұл номинация бойынша рекорд иегері атанып отыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елордада үйге газ кіргізу құны арзандады
Келесі жаңалық
Жібек Құламбаева – Португалиядағы жарыстың жеңімпазы
Өзгелердің жаңалығы