Қазақстандық гимнастар синхронды әлем кубогінің күміс жүлдегері атанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық гимнастар синхронды әлем кубогінің күміс жүлдегері атанды. Бұл туралы ҚР ҰОК баспасөз қызметі хабарлады.

Италияның Брешиа қаласында батуттағы гимнастикадан әлем кубогі кезеңі өтіп жатыр. Аталған сында отандық гимнастар да бақ сынауда. 

Қазақстан намысын қорғаған Данил Мұсабаев пен Роман Барков қорғаған болатын. Синхронды секіруде олар турнирдің күміс жүлдегері атанды. Айта кетелік, кеше өткен жекелей сында Данил Мұсабаев 13-ші, Роман Барков 17-ші орыннан көрініп, финалдан сырт қалған болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы