Қазақстандық ғалымдар коронавирустың жаңа штаммдарын анықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылғы М.Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы мен Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті арасындағы ынтымақтастық туралы келісім негізінде АҚИҰҒО Орталық референттік зертханасы базасында COVID-19-ға қарсы вакцина әзірлеу бойынша бірлескен зерттеу басталды.
Орталық референттік зертхананың бірегей мүмкіндіктерінің арқасында бүгінгі таңда екі вакцина алынды – наноэмульсиялық майлы адъювант негізіндегі суббірлікті вакцина және нанобөлшектерге негізделген вакцина. Олар NARUVAX-C19 және NARUVAX-C19/Nano атауымен ДДСҰ кандидат вакциналар тізіміне енгізілген және қазір АҚИҰҒО жануарларына SPF-де клиникаға дейінгі зерттеуден өтуде, - делінген ғылыми орталықтың хабарламасында.
SARS-CoV-2 вирусының өзгергіштігін және жүргізілетін вакцинация науқанына қауіп төндіруі мүмкін кейбір мутациялар туралы хабарламаларды назарға ала отырып, АҚИҰҒО зертханасының BSL-3 базасында ҚазҰАУ қызметкерлерімен бірлесіп, Қазақстан аумағындағы вирустың жаңа штаммдарын бөлу бойынша жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.
Осы уақытқа дейін ҚазҰАУ халықаралық Вакцинология орталығының директоры Қайсар Табыновтың жетекшілігімен біріккен зерттеу тобы 2020 жылдың маусым және желтоқсан айларында SARS-CoV-2 вирусының 12-ге жуық штаммын бөліп шығарды, оның ішінде 3 штамм АҚИҰҒО микроорганизмдер коллекциясына сақтауға берілді және hCoV-19/Kazakhstan/KazNAU-NSCEDI-481/2020 KKZI KA-294 вирусының штаммы” деген атаумен бір штаммға патент алынды. Coronaviridae тұқымдасының betacoronavirus түрінің coronavirus Клайд g, иммунобиологиялық препараттарды дайындауға және тестілеуге және in vitro және in vivo түрлі субстанциялардың вирусқа қарсы белсенділігін анықтауға арналған.
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті мен М.Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы патент иесі. SARS-CoV-2 вирусының 6 штаммы бойынша S гендерінің толық нуклеотидтік тізбегі GISAID халықаралық деректер базасында жарияланған.
2021 жылғы 19 наурызда ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы филиалының референс-зертханасы Алматы қаласы бойынша Covid-19 вирусынан «британдық», «оңтүстік африкалық», «бразилиялық» штаммдарға тән ықтимал мутациялар анықталғанын хабарлады.
2021 жылғы 18 наурызда аталған мутацияларды нақтылау үшін ҚР ДСМ “Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы” филиалы 12 сынама үлгіні ҚазҰАУ және АҚИҰҒО халықаралық Вакцинология орталығына берді.
TreeGene генетикалық зертханасымен бірлесе отырып, жедел және үйлесімді бірлескен жұмыстың арқасында қысқа мерзімде екі үлгінің толық S генін ретке келтірілді.
Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, бір S үлгісінде геннің құрамында «британдық штамм» B. 1.1.7-ге тән аминқышқыл алмастырғыш бар. Екінші сынамада - S генінде «Оңтүстік Африка штаммына» B. 1. 351 толығымен тән аминқышқыл алмастырғыш пен делециялары бар. Екі үлгі гендерінің толық нуклеотидтік тізбегі GISAID халықаралық деректер базасында EPI_ISL_1346635 және EPI_ISL_1346632 нөмірлерімен жарияланған.
Қазір біріккен зерттеу тобы АҚИҰҒО Референттік зертханасының базасында осы вирустарды бөлу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл вирустар біздің ғалымдарға COVID-19-ға қарсы отандық және шетелдік вакциналар мен дәрі-дәрмектердің тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді.