Қазақстандық ғалымдар ауруға төзімді бидайдың жаңа сортын жасады
Жамбыл облысы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының фитосанитарлық қауіпсіздік зертханасының меңгерушісі Аралбек Рсалиев айтты.
Зертхана Қазақстанда астық дақылдарының ауруларға төзімділігін зерттейді. Ел аймағындағы фитосанитарлық жағдайға бақылау жүргізеді. Аса қауіпті аурулардың патогендік қасиеттерін зерттейді. Осы зерттеу аясында соңғы 8 жылда зертханада 8 ғылыми жоба, бір ғылыми техникалық жоба жүзеге асырылды. Осы бағдарламалар мен жобалар негізінде бидай, арпа мен өзге дақылдардың аса қауіпті ауруларға төзімділігі зерттеліп, құнды сорттар селекцияға ұсынылды, - деді Рсалиев.Профессордың айтуынша, заманауи геномдық технологиялар бойынша бидайдың коллекциясы әзірленген.
Аса ауыр аурулардың популяциясының құрылымы зерттелді. Ауруға төзімді жұмсақ жаздық бидай «Отар-2» сорты жасалды. Қазір ол мемлекеттік сорттарды зерттеу бойынша сыналып жатыр, - деді ол.Оның айтуынша, зертхана Қазақстандағы ең ірі астық дақылдарының гендік қорының орналасуымен ерекшеленеді.
Бұл жерде әлемнің 72 елінен жеткізілген астық дақылдарының 25 мың сорты сақталған. Төменгі температуралы ылғалдылық сақталған. Олардың барлығы құжатталған. Каталогтар бойынша оны анықтап қарауға болады. Мысалы, инстиутта 1985-86 жылдар аралығында жиналған бидайлар бар, - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Көкшетауда мүгедектер үшін 200-ден аса нысан бейімделді
Келесі жаңалық
IT-қызметтер экспортының көлемі артты - Бектенов
Өзгелердің жаңалығы