Қазақстандық файтер NFC турнирінде қырғыз спортшысын нокаутқа жіберді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық спортшы Архат Мыңбаев (5-6) Алматыда өткен Naiza Fighting Championship 34 аралас жекпе-жек турнирінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Sports.kz.

Мыңбаев қырғызстандық Мелисбек Әбдірахмановпен (5-9) жұдырықтасты. Жартылай орта салмақтағы жекпе-жек үш раундқа есептелген, бірақ жекпе-жек үш раунд бойы жалғаспады. Архат Мыңбаев екінші раундта қарсыласын ауыр нокаутқа жіберді.

Осылайша, Мыңбаев ММА-да өзінің кәсіби мансабында бесінші жеңіске жетті, ал Әбдірахманов тоғызыншы жеңіліске ұшырады.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы