Қазақстандық дзюдошылар үшінші жарыс күнін жүлдесіз аяқтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дзюдодан Будапештте өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан командасының мүшелері үшінші жарыс күнін аяқтады деп жазады Olympic.kz.
Бүгін татамиге шыққан дзюдошылар арасынан ең соңғы болып Аңсарбек Ғайнуллин жеңіліс тапты. Ол екінші айналымда болгариялық Марк Христовтан ұтылған болатын.
Бұған дейін Жансай Смағұлов (73 келі) пен Севара Нишанбаева (57 келі) жарыс жолынан сырт қалды. Әзірге, Қазақстан командасының еншісінде бір күміс медаль бар.
60 келідегі Ғұсман Қырғызбаев финалда ресейлік спортшыдан ұтылып, күмісті қанағат тұтты. Мағжан Шамшадин (60 келі) мен Елдос Жұмақанов (66 келі) алғашқы бестікке енді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Түркістан облысында жоғалған туристердің заттары табылды – ТЖМ
Өзгелердің жаңалығы