«Қазақстандық денсаулық сақтау менеджерлерінің қауымдастығы» қызметін бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазақстандық денсаулық сақтау менеджерлерінің қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің қызметінің тұсаукесер рәсімі өтті.

Бірлестіктің атқарушы директоры Айнұр Айыпханованың айтуынша, қауымдастық осыдан төрт жыл бұрын құрылған болатын. Биыл ол республикалық статусқа ие болып, алдына жаңа мақсаттар қойды.

Қауымдастық алдында тұрған негізгі мақсат денсаулық сақтау саласындағы кәсіби мамандандырылған басқару құрамын құру. Пандемия медициналық мекемелердің басқарушыларынан кәсібиліктен бұрын менеджементті білудің маңыздылығн көрсетті. Қауымдастыққа мүше болған мамандар денсаулық сақтау саласындағы менеджмент негізідерін игеріп, басшылық қызметті кәсіби деңгейде атқаруға мүмкіндік алады, денсаулық сақтау саласы менеджерлеріне ұлттық реестріне тіркеледі және басшылық лауазымға қажетті менеджмент сертификатына ие болады, - деп атап өтті ол.

Алдағы уақытта Қазақстанда денсаулық сақтау саласы менеджерлерінің ерікті сертификатталуы енгізіледі деп күтілуде. Мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерінің басшылары денсаулық сақтау саласында менеджер сертификатына ие болуы керек.

Қауымдастық осы мақсатта жұмыс істейді. Ол басшылық қызметке үміткер мамандарды лауазымды қызмет талаптарына сай болу үшін Қазақстан Республикасының нормативтік құқытық актілеріне сәйкес сертификаттау қызметін атқарады.

Сонымен қатар қауымдастықтың менеджмент сертификатына тек мемлекеттік емес, жеменшік медициналық мекемелер мамандары да ие бола алады. Қауымдастық El Umiti Бірінші Президент қоры аясында денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерінің бірінші басшыларына қойылатын менеджемнт талаптарын әзірледі. Екінші мақсатымыз медициналық мамандарды дайындаудың сапасын арттыру. «El Umiti» қоры аясында денсаулық сақтау саласындағы менеджерлерідің негізгі компетенциясының моделін әзірледік. Ол осы саладығы мамандарды даярлауға ғана емес, қайта даярлауға бағытталған. Қазіргі күні осы модельді негізге алған С.Асфендияров атындағы медицина университеті оны жүзеге асырудың жолдарын қарастыруда, - деді «Қазақстандық денсаулық сақтау менеджерлерінің қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігі кеңесінің төрағасы Қуаныш Ерғалиев.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы