Қазақстандық балуан қыз әлем чемпионы атанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық Нилуфар Раимова Уфада күрес түрлерінен жастар арасында әлем чемпионатында жеңімпаз атанды.

Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті мәлімдегендей, қазақстандық балуан қыз 57 келіге дейінгі салмақта үздік шықты. 

Финалда Н.Раимова италиялық Аврора Руссомен белдесті. Бірінші кезеңде қарсыласы алда тұрды. Дегенмен екінші кезеңде Нилуфар таразы басын өзіне аудара білді. Сөйтіп тартысты кездесуде 8:6 есебімен жеңіске жетті. 

Айта кетейік, бұған дейін осы дүниежүзілік додада Нұрдәулет Қуанышбай 74 келіге дейінгі салмақта күміс, ал Асылжан Есенгелді (57 кг) мен Бекзат Ермекбай (65 кг) қола жүлдеген атанған болатын.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы