Қазақстандық бала Мәскеудегі байқауда жеңімпаз атанды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жеңіс күні қарсаңында Мәскеуде Ресей Өнер академиясының алаңында «Жеңіске 75 жыл» балалар бейнелеу өнері ашық конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлады ҚР-ның РФ-тағы елшілігі.
Шығармашылық байқау Ресей өнер академиясы мен Мәскеу қалалық ардагерлер кеңесінің қолдауымен өтті. Байқауға қатысу үшін Беларуссиядан, Қазақстаннан және Ресейден 5 жастан 18 жасқа дейінгі 1,5 мыңнан астам балалар өз жұмыстарын жіберді.
Суреттерден басқа, балалар шағын эсселер жазды. Эсседе неліктен байқауға қатысуға шешім қабылдағанын, Жеңіс мерекесінің олар үшін маңыздылығын айтып, Ұлы Отан соғысына байланысты отбасылық әңгімелерімен бөлісті.
5 жастағы Семей қаласының тұрғыны Абылай Хан осы байқау жеңімпаздарының бірі атанды. Ол байқауға «Бейбіт күн» деген туындысын жолдаған екен. Марапат одан әрі балақайға жолдау үшін Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінің дипломаттарына тапсырылды.
Олардың пікірінше, қазір, жыл өткен сайын сол оқиғалардың куәгерлері азайып бара жатқанда, оларды лайықты есте сақтау және жас ұрпақты ортақ тарихқа құрметпен қарау рухында тәрбиелеу және олардың ата-бабалары қандай сынақтарды бастан өткергендігін, неге олар төтеп бере алғанын және жеңіске қалай жеткенін, олардың бүкіл әлемді таңдандырған нағыз темірдей беріктігі қайдан пайда болғанын түсіндіру басты міндет болып саналады.