Қазақстандық әскери қызметшілердің жаңа құрамы Батыс Сахараға барды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан әскери қызметшілерінің жаңа құрамы Батыс Сахарадағы БҰҰ-ның миссиясына қатысуын жалғастырады. БҰҰ-ның Батыс Сахарада референдум өткізу жөніндегі миссиясын атқарып жүрген қазақстандық офицерлер алмасты. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Жаңа құрамда үш офицер-подполковниктер Уәлихан Байкенов пен Сәбина Мұрзалинова, сондай-ақ капитан Дәурен Сәдуақасов бар.
Олар бір жыл бітімгерлік миссияны орындаған подполковниктер Арман Омаров және Ернар Аманиязовпен, сондай-ақ капитан Римма Шәкеевамен ауысқан.
Аталған миссияға дайындық кезінде офицерлер оның ерекшеліктері мен міндеттерін, сондай-ақ тұтастай сол елдегі жағдайды бір айдан астам уақыт зерделеді. Енді олар 30-дан астам мемлекеттің өкілдерімен бірге қызмет етпек.
Бітімгерліктен қайтқан офицерлер өздерін жауапты және жоғары білікті мамандар ретінде көрсетті. Атап айтқанда, подполковник Арман Омаров ұшу қауіпсіздігі техникасы мен оларды үйлестіруге жауапты болды. Дағдарыс жағдайында көрсеткен бастамасы мен кәсібилігі үшін офицер миссия қолбасшысының атынан алғыс хатпен марапатталды.
Подполковник Ернар Аманиязов соңғы жеті ай ішінде миссия қолбасшысының логистика жөніндегі аға әскери кеңесшісі міндетін атқарды. Ол материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жоспарлауға бірнеше рет қатысты. Қиын жағдайлар туындағанда өз ұсыныстарын айтып, нәтижесінде команда оларды негізді, әрі дұрыс ұсыныс деп қабылдады.
Капитан Римма Шәкеева әскери қызметші әйелдердің бітімгерлік қызметінің барлық салаларында, қиын жағдайларда өздерінің ер әріптестерімен бірдей деңгейде қызмет атқара алатынын кезекті рет дәлелдеді. Ол миссиядағы қызметін бітімгерлік базасының операторы ретінде бастады. Патрульдерді жоспарлауға жауапты болды. Содан кейін миссия штабы жанындағы бөлімде жұмыс істеді, онда келген офицер-бітімгерлерді даярлауда кәсіби дәрежесін көрсетті.
Қазіргі сәтте Батыс Сахарада Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери бақылаушылары қызметінде қазақстандық бес офицер бар. Бітімгерлік операцияларға олар қарусыз қатысады және қақтығысушы тараптардың ешбірін қолдамай, бейтарап қағиданы ұстанады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Италияда коронавируспен күреске иттер жұмылдырылды
Келесі жаңалық
Баспана сатып аларда нені ескеру керек
Өзгелердің жаңалығы