Қазақстандық актер ережесіз жекпе-жекке шығады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық актер Еркебұлан Тоқтар ережесіз жекпе-жек спортындағы алғашқы кездесуін өткізеді. 

Prosports.kz сайтының жазуынша, 25 жастағы өнерпаз 16 маусымда Алматыда өтетін OCTAGON 20 турнирінде өнер көрсетеді. Оның қарсыласы 33 жастағы Мұхтар Жұмағали болмақ. Жекпе-жек аралық салмақ дәрежесінде (72 келі) өтеді.

Кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық файтер Дамир Төленов (6-0) өнер көрсетеді. Оның қарсыласы қырғызстандық Арген Маликов (5-2) болады. Бұл жекпе-жекте ең жеңіл салмақтағы (56,7 келі) вакантты титул сарапқа салынады.

Сонымен бірге турнирде Руслан Серікпұлов, Самбет Найманбаев, Бекзат Алмахан, Рүстем Мұхатов және Әлішер Ғабдуллин секілді файтерлер де өнер көрсетеді.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы