«100 жаңа есім»: Қазақстандағы тұңғыш «Еріктілер мектебін» ашқан жас маман

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының 4-кезеңінің жеңімпаздарымен кездесті. Олардың қатарында ел басына күн туған шақта жас та болса азаматтық көрсете білген маман Дарын Әбілжанов та бар.

Ол 2020 жылдың маусымынан бастап пандемия қыспаққа алған кезде облыстық клиникалық ауруханада инфекциялық аурухананың қызметкері болып жұмыс істеді. Әр 14 күндік жұмыстың соңында волонтерлікпен де айналысқан.


 

Мен жоғары оқу орнына оқуға түскелі бері қоғамдық шараларға да белсене араластым. Осы уақытқа дейін волонтерлік қызметті тоқтатқан емеспін. Бүгінде тұрғындарды ақысыз медициналық көмекпен қамтамасыз етуге тырысып келемін. 2021 жылдың қаңтар айында Қарағанды Медициналық университеті базасында Қазақстандағы тұңғыш «Еріктілер мектебін» аштық. Бүгінге дейін онда 120 ерікті-медик оқытылды, - дейді ол. 

Жас маманның қадағалауымен республикада коронавирустық инфекциямен ауыратын 600-ге жуық науқас сауығып, 1500-ден астам онлайн-консультация өткізілді. 

Дарынның басшылығымен 300-ден астам денсаулық сақтау маманы COVID-19-бен күресте аянбай еңбек етіп келеді. 

Қазіргі уақытта ол УЗКО инфекциялық ауруханаларында медициналық қызметкерлер жинағының үйлестірушісі болып қызмет етеді.

Жалпы «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының мақсаты – тәуелсіздік жылдары Қазақстанның дамуына елеулі үлес қосқан адамдардың тарихы мысалында бәсекеге қабілеттілік, прагматизм және білімге құштарлық идеяларын ілгерілету. 

Жоба 2017 жылы Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған. 

Содан бері жобаға әр саланың 5 мыңнан астам мықтысы қатысты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы