Қазақстандағы парламенттік сайлаудың қорытындысы белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысы барысында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауында дауыс берудің алдын ала қорытындылары белгілі болды.

Сайлау учаскелеріндегі сайлаушылар тізімдеріне 11 919 241 азамат енгізілді. Берілген бюллетеньдер саны – 7 539 280 (63,25%), - деді Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров.

Ал, саяси партияларға берілген дауыстар: 7 241 562.

«Nur Otan» партиясы – 5 148 074 немесе  71,09%

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 383 023 немесе  5,29%

«ADAL» саяси партиясы – 258 618 немесе 3,57%

«Ақ жол» демократиялық партиясы – 792 828 немесе 10,95%

«Қазақстанның Халық партиясы» – 659 019 немесе 9,10%.

Осылайша, 7%-дық шектен үш саяси партия асты. Олар: «Nur Otan» партиясы, «Ақ жол» демократиялық партиясы, Қазақстанның Халық партиясы. Аталмыш партиялар депутаттық мандаттарды бөлуге жіберілді.

Депутаттық мандаттарды бөлу бойынша:

«Nur Otan» партиясы – 76 мандат

«Ақ жол» демократиялық партиясы – 12 мандат

«Қазақстанның Халық партиясы» – 10 мандат.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Өзгелердің жаңалығы