Алтын кен орындарының негізгі қорлары Шығыс Қазақстанда шоғырланған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі айтты. Ведомство басшысы саланың маңыздылығына тоқтала отырып, халық шаруашылығын дамытуда жер қойнауының үлесі зор екенін алға тартты.
Сондай-ақ вице-министр кен орындарының негізгі қорларына да тоқталды.
Алтын кен орындарының негізгі қорлары Шығыс Қазақстан облысында – 36%, Ақмола облысында – 21%, Қарағанды облысында – 11% шоғырланған. Мыстың 82% қоры еліміздің шығыс және орталық өңірлерінде бар. Үш мыңнан астам қорғасын-мырыш кен орны және кенашылымдары, негізінен, Орталық, Шығыс және Оңтүстік Қазақстанда орналасқан, - деп атап өтті Серікқали Брекешев.
Сонымен қатар вице-министр жерасты сулары мәселесі де өзекті деп отыр. Оның айтуынша, елімізде 4 мыңға жуық кен орны есепке алынған. Оның бекітілген қоры 43 млн м3/тәулікті құрайды.
Қорлар біркелкі таралмаған. 50% оңтүстікте, 30% – орталық, солтүстік және шығыс өңірлерде және 20%-дан азы батыс өңірлеріне тиесілі, - деді вице-министр.
Айта кететін жайт, қатты пайдалы қазбалардың қорын есептеу металл пайдалы қазбалардың 37 түрі және бейметаллдың 65 түрі бойынша жүргізіледі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елімізде қара алтынның қанша қоры бар?
Келесі жаңалық
Көкшетауда полицейлер тұрғындарды өрттен құтқарды
Өзгелердің жаңалығы