Қазақстандағы микробизнестің 70 пайызын әйелдер басқарады – Рамазанова
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мәжіліс депутаты, Әйелдер ісі бойынша және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия басшысы Ләззат Рамазанова Қазақстанның ауыл әйелдерінің IV республикалық форумында айтты.
Біз үнемі шағын технологияларды дамытудың маңыздылығын айтамыз. Бүгінде статистика істің тиімділігін көрсетеді. Қазақстандағы микробизнестің 70 пайызын әйелдер басқарады. Оларға қазір жаңа технологияларды кеңейтудің құралдары аса қажет. Микро қаржыландырудың басым бөлігін де әйелдер алып отыр,-деді Рамазанова.Депутат айтқандай, әйелдер кәсіпкерлігін қолдайтын бағдарламалар да бар.
ЕҚДБ "Даму" қоры мен екінші дәрежелі банктер арқылы қаржыландыру тиімді екенін көрсетті. Несиелерді қайтару бойынша әйелдердің үлесі 97 пайызды құрайды. Сондықтан ауыл әйелдерінің кәсіпкерлерін ілгерілендіруді кеңейтудің жаңа тетіктерін ойластыру керек,-деді Ләззат Рамазанова.
Депутат бұл орайда кооперацияны қолдану керегін айтты.
Шалғай ауылдарға бизнестің тетіктерін жеткізу өзіміздің қолымызда. Сондықтан осы бағытта еңбек ету керек,-деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жайылым жердің 46 пайызы тозып кеткен – ғалым
Келесі жаңалық
Таразда екінші «Жайлы мектеп» пайдалануға берілді
Өзгелердің жаңалығы