«Қазақстандағы демократиялық институттар» тақырыбында инфографика байқауы жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Құқықтық саясатты зерттеу орталығы «Қазақстандағы демократиялық институттар» тақырыбындағы инфографика жұмыстарына конкурс жариялайды.
Конкурсқа ұсынылатын жұмыстарға қойылатын талап - қоғамдық кеңес, сайлау, жұртшылықтың қатысуымен өтетін консультативтік жиналыстар, референдум, Парламент/мәслихат құрылымы мен жұмысы, заң шығару, жергілікті өзін-өзі басқару немесе басқа да демократиялық институтқа азаматтардың қатысуын инфографика арқылы жеткізу.
Үздік 3 инфографикалық жұмыстың авторлары ақшалай сыйлық алады:
Жүлделер:
3 орын - 70 000 теңге;
2 орын - 130 000 теңге;
3 орын - 200 000 теңге.
Аталған байқауға тіркелетін инфографика төмендегі критерийлерге сәйкес келуі тиіс:
- білім беру және ағартушылық сипатта болу;
- инфографикадағы және оның постындағы ақпарат шындыққа сәйкес келуі;
- нақты қоғамдық немесе азаматтық миссиясы болу;
- саяси тұрғыдан бұрмаланбау (қандай да бір саяси партияның, қозғалыстың жұмысы мен мүдделерін жақтау мақсатында дайындалмау);
- Инфографиканы жалпы сипаттамасымен, нақтылау үшін #lprcinphographics хештегін қойып әлеуметтік желілердің біріне жариялау. Facebook-те @lprckz немесе Instagram-да @Lprckz парақшаларынын белгілеу қажет.
Жұмыс осы критерийлерге сәйкес келмеген жағдайда өтінім тіркелмейді.
Жұмыстар қазақ және орыс тілдерінде қабылданады.
1 маусымда өтінімдерді қабылдау аяқталады.
Байқау «Құқықтық саясатты зерттеу орталығы» ҚҚ ұйымдастыруымен, Сорос-Қазақстан Қорының қаржылық қолдауы арқылы «Демократиялық тәжірибенің қоғамдық бастамаларға арналған бірлескен кеңістігі» жобасы аясында өткізіледі.