Қазақстандағы бензин қоры 20 күнге жетеді - вице-министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстандағы бензин мен дизель отынының жалпы қоры жеткілікті деңгейде. Бұл туралы Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов мәлімдеді.
Биылғы жылдың 5 наурызындағы жағдай бойынша мұнай өнімдерінің жалпы қоры жеткілікті деңгейде. Атап айтқанда, бензинге 218,7 мың тонна бар. Бұл елдің 20 күнделікті қажеттілігін өтеуге жетеді. Ал ішкі нарықтың сұранысын 28 күнге дейін қанағаттандыратын 306,2 мың тонна дизельдік отын тұр, - деді Мағауов ОКҚ-да өткен брифингте.
Ол ішкі нарықтағы жанар-жағармайға баға белгілеу механизмін де еске салып өтті. Бағалар сұраныс пен ұсыныс негізінде қалыптасады. Яғни оларды нарық реттейді және мұнайдың әлемдік бағаларына тәуелді емес екендігін айтты.
Вице-министр сонымен қатар Энергетика және Ауыл шаруашылығы министрліктері «Көктемгі егін жұмыстарын жүргізуге дизель отынын жеткізу бойынша облыстарды мұнай өңдейтін зауыттарға және ресурс ұстаушыларға бекіту кестесін» әзірлегенін атап өтті.
Кесте аясында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге Павлодар мұнай-химия зауыты мен «ПетроҚазақстан ойл продактс» ЖШС-дан – тоннасына 174 мың теңгеден, Атырау мұнай өңдеу зауытынан – тоннасына 172 мың теңгеден жеңілдетілген дизель бөлінеді. Кесте бойынша 380 мың тонна дизель қарастырылған. Жеткізуді және басқа да шығындарды ескере отырып, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге дизель бағасы жанармай құю стансаларындағы бөлшек сауда бағасынан 13-14%-ға (21-22 теңге/литр) төмен, - деді Әсет Мағауов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақ тілінде жарық көретін кітаптар тізімі жарияланды
Келесі жаңалық
“Жан Шуақ” сыйлығының лауреаттары марапатталды
Өзгелердің жаңалығы