Елімізде жұмыссыздар саны қанша?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл қазан айындағы мәлімет бойынша 193,5 мың адам жұмыссыз ретінде ресми тіркелген.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, пандемия кезінде кәсіпорын қызметінің тоқтатуына байланысты 3,6 мың адам жұмыссыз қалды.

Биыл ІІІ тоқсанда Қазақстанда 8,8 млн адам еңбекпен қамтылған. Оның ішінде, 6,7 миллионы жалдамалы қызметте істейді.

Жалпы, жұмыссыздар саны – 450,7 мың адам.

Ал карантиннен соң еңбек нарығы қалпына келе бастады. Карантиннен соң екі қолға бір күрек тапқандардың саны – 242,9 мың адам. Кәсіпорын жұмысы тоқтаған соң, уақытша жұмыс істемейтіндер саны – 3,6 мың адам. Оның ішінде, 19,7% – көлік және жинақтау, 15,5% – тамақ өндірісі бойынша қызмет көрсету, 15,3% – өнер, ойын-сауық және демалыс саласында болып отыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы