Қазақстанда вакцина тапшы ма?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да елдегі ағымдағы эпидемиологиялық жағдай және вакцинация жүргізу барысы туралы өткен брифингте айтты.
Біз вакцинаға бірінші рет бара жатқан адамдарға бар вакцинаның арасынан таңдауды ұсындық. Екінші компонентке келетін болсақ, онда біріншідегідей вакцина дозасын салдыруы керек. Бүгінде Қазақстан бірінші компонент бойынша 2-3 млн дозадан астам вакцина жеткізілді. Оның қоры әлі бар. Екінші компонентте 800 мың вакцина дозасы бар, оның 400 мыңы «Спутник V» болып отыр. Қалғаны өзге вакциналар, - деді Шоранов.
Ол атағандай, «Спутник V» вакцинасының 200 дозасы өңірлерге жеткізілді.
Бүгінде өңірлерде вакцина бар. Вакцинацияны бұзатын маңызды қауіптер жоқ. Егер ондай жағдайлар кездессе, азаматтар денсаулық сақтау басқармасына жүгіне алады. Егер жеке емханаларда вакцина тапшы болып жатса, денсаулық сақтау басқармасы оларға жеткізіп береді, - деді ол.
Осыған дейін Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов коронавирустан қайтыс болғандардың статистикасы туралы айтты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Өндірісті локализациялау келешегі талқыланды
Өзгелердің жаңалығы