Қазақстанда тағы бір мерекелік күн пайда болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Қазақстандағы мерекелік күндер тізбесіне қосымша енгізілетін Үкімет қаулысының жобасын дайындады, деп хабарлады zakon.kz.

Осылайша, Қазақстандағы мереке күндерінің тізбесі төмендегі тармақпен толықтырылады: 

5-1. Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлер күні – 15 сәуір.

Құжат 2021 жылғы 25 наурызға дейін «Ашық НҚА» сайтында жария талқылау үшін орналастырылған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы