Елімізде сұйытылған мұнай газының шекті көтерме бағасы көтерілмейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылдың 1 тоқсанында сұйытылған мұнай газының шекті көтерме бағасы қазіргі баға деңгейінде қалады, деп хабарлады ҚР ЭМ баспасөз қызметі.
«Газ және газбен жабдықтау туралы» ҚР Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын жеткізу жоспары шеңберінде электрондық сауда алаңдарынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағасын (бұдан әрі - Шекті баға) мемлекеттік реттеу жүзеге асырылады.
Энергетика министрлігі шекті бағаны Ұлттық экономика министрлігімен келісім бойынша тоқсан сайын бекітеді және ол Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданылады.
Энергетика министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы N 446 бұйрығымен 2021 жылдың 1-тоқсанына арналған шекті көтерме баға бекітілді.
ҚР Энергетика министрінің «Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде электрондық сауда алаңдарынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағасын бекіту туралы» бұйрығы (бұдан әрі – бұйрық) Заңға сәйкес әзірленді.
Шекті бағаны белгілеу тәртібі Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын және Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын электрондық сауда алаңдарынан тыс жеткізу жоспары шеңберінде өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағаларын айқындау қағидаларымен (бұдан әрі - қағидалар) регламенттелген (ҚР Энергетика министрінің 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 209 бұйрығымен бекітілген), - делінген ведомство хабарламасында.
Осы Қағидаларға сәйкес 2021 жылғы 1-тоқсанға арналған шекті баға 2020 жылғы төртінші тоқсандағыдай – ҚҚС-ты есепке алмағанда, 38 701,67 тг/т құрады.