Қазақстанда спорт саласы қалай қаржыландырылады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов айтты. Оның айтуынша, спорт түрлері бойынша бюджет қаражатын айқын әрі теңдестіріп бөлу мақсатында «спорт түрлерін саралау» түсінігі заң жобасына енгізілген.
Осылайша, Мәдениет және спорт министрінің 26 шілдедегі бұйрығымен бекітілген еліміздегі спорт түрлерін саралау ережелеріне сәйкес өткізілген саралау рәсімінің қорытындысы бойынша алдағы екі жылға арналып спорттың басым түрлерінің тізбесі бекітілетін көрінеді. Сондай-ақ спорттың түрлеріне қаражат бөлген кезде аталған тізбе негіз болып табылады.
Саралау көрсеткіштерін анықтаудың негізгі критерийлеріне сайыстарды аталған спорт түрі бойынша спортшылар қандай жетістіктерге жетті, кадр әлеуеті бар ма, материалдық-техникалық база қалай, аймақтағы климаттық жағдайға спорт түрінің ерекшелігінің арақатынасы қалай, бәрі ескеріледі. Нәтижесінде спорт түрлері үш негізгі топқа бөлінеді. Алғашқысы – спорттың дамыған түрі. Екіншісі – жоғары әлеуетке ие спорт түрі болса, үшіншісі – дамудың төмен әлеуетіне ие спорт түрі, - деді вице-министр.
Бүгінде спортты қаржыландырудың үлгісі әзірленген.
Қазіргі уақытта республикалық деңгейде қаржы қаражаттарын әділ бөлуге кепілдік беретін спортты қаржыландырудың моделі жасалды, - деп атап өтті ведомство басшысы.
Оның үстіне, спорт түрлері бойынша жергілікті атқарушы органдар бюджет қаржысын бөлген кезде еліміздің кейбір өңірлерінде саралау нәтижесі тиісті деңгейде сақталады деп отыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Жұмаға арналған валюта бағамы
Өзгелердің жаңалығы