Посткеңестік елдерге қарағанда Қазақстанда саяси жүйе мен тәртіп бар – польшалық байқаушы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Польшадан келген байқаушы «Азаматтық платформа» партиясының мүшесі Томаш Ленц Қазақстанда басқа посткеңестік елдермен салыстырғанда саяси жүйе мен тәртіп бар екенін айтты.

Мен үшін Қазақстанның дамып келе жатқанын атап өту қызықты әрі маңызды. Бүгін - Қазақстан үшін өте маңызды күн. Өйткені ел жаңа дәуірде бастайды. Сайлауға бес партия тіркелген. Партиялардың тізімінде көптеген үміткер бар. Бұл - жаңа кезең. Украина, Беларусь секілді посткеңестік елдер сияқты емес, Қазақстанда жүйе мен тәртіп бар. Олар жүйедегі тәртіп пен елдің тыныш болуын қадағалайды. Сайлау үдерісін байқау өте маңызды. Сайлау учаскелеріне барғанымда тек Қазақстанның ғана емес, әр түрлі елдерден келген шетелдік байқаушыларды көп байқадым, - деді «Азаматтық платформа» партиясының депутаты Томас Ленц. 


Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қазақстанда сағат 07:00-де Парламент Мәжілісі мен Мәслихаттары депутаттарын сайлауда дауыс беру басталды. Сайлау учаскелерінде дауыс беру жергілікті уақыт бойынша 07:00-ден 20:00-ге дейін болады. Бұл - тәуелсіз Қазақстан тарихындағы жетінші парламенттік сайлау. 


Араға 16 жыл салып, алғаш рет мерзімінен бұрын емес, қазіргі шақырылымдағы депутаттардың өкілеттігі аяқталғанға дейін 2 ай бұрын, конституциялық мерзімде өтіп жатыр.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов
Өзгелердің жаңалығы