Қазақстан мұнай өнімдерін экспорттауға тыйым салды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан республика аумағынан автокөлікпен бензинді, дизельдік отынды, сондай-ақ мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін экспорттауға тағы алты айға тыйым салды.

Бұл туралы Интерфакс хабарлады.

Энергетика, қаржы, ішкі істер министрлері және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қол қойған "Әділет" нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған бірлескен бұйрығында айтылған.

Көлік құралдарын дайындаушы зауыт көздеген бензин бактарындағы, сондай-ақ көлемі 20 литрден аспайтын жекелеген ыдыстарда елден шығаруды, жанар-жағармай майларын қоспағанда, бензинді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін Қазақстан Республикасы аумағынан автомобиль көлігімен әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін, – делінген бұйрықта.
Талап алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы