Қазақстанда МСАК ұлттық орталығы салынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бүгін ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың қатысуымен өткен ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында осылай деді.
Мықты медициналық-санитарлық алғашқы көмекті (МСАК) қалыптастыру үшін мынадай шаралар қабылданатын болады. Шалғайдағы елді мекендердің тұрғындарын жылжымалы медициналық кешендер қызметімен қамту жылына 2,6 млн адамға дейін ұлғайтылады. Ол үшін жылжымалы медициналық кешендердің профилі тіркеу аймақтарын, зертханалық және аспаптық диагностиканы, жалпы тексеруді және бейінді мамандарды, рентген-диагностиканы шектеу арқылы кеңейтілді, - деді Алексей Цой.
Министр ауруларды ерте диагностикалауды қамтамасыз ету мақсатында елдің барлық тұрғындарын профилактикалық тексерулермен қамту көлемі артатынын жеткізді.
Емдеу сапасын арттыру үшін, сондай-ақ амбулаториялық-емханалық ұйымдарды әдіснамалық көмекпен қамтамасыз ету мақсатында МСАК ұлттық орталығы құрылады, - деп мәлімдеді Алексей Цой.
Жиын барысында амбулаториялық-емханалық қызметтерді қаржыландыру ұлғайтылатыны да айтылды:
- медициналық оңалту 4 есе;
- амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету 40%-ға дейін;
- консультациялық-диагностикалық қызметтер 22%-ға дейін;
- жоғары технологиялық медициналық қызметтерге, оның ішінде томотерапия мен ЭКҰ 2,6 есеге.
Айта кетейік, министр бұған дейін 2021 жылы «биологиялық қауіпсіздік туралы» заң әзірленетінін айтқан болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Аймағамбетов ұстаздарға қажырлы еңбегі үшін алғыс айтты
Келесі жаңалық
Астанада қар тазалауға 900-ден астам техника шықты
Өзгелердің жаңалығы