Қазақстанда министрліктер мен әкімдіктердің сайты жұмыс істемей қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде министрліктер мен әкімдіктердің сайты жұмыс істемей қалды.


Министрліктер мен әкімдіктердің сайтын ашуға тырысқанда бетте тек «Жүктеу тілдері» пайда болады.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы ақауларды жою бойынша жұмыс істеп жатыр.


Қазіргі уақытта Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай алаңын қайта қалпына келтіру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Ақауларды жою бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз, - деді «ҰАТ».


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы