Қазақстанда міндетті вакцинациялау мерзімі белгіленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бас санитарлық дәрігер Қазақстанда қызметкерлер үшін міндетті вакцинацияның жаңа мерзімдерін белгіледі.

Құжатқа сәйкес, 2021 жылғы 10 тамызға дейін екпенің бірінші компонентін, ал 2021 жылғы 1 қыркүйекке дейін - COVID-19 вакцинасының екінші компонентін алу керек.

Бұған дейін ҚР Әділет министрлігі COVID-19-ға қарсы міндетті вакцинация ҚР Конституциясын бұзбайтыны туралы хабарлаған болатын. Әділет министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ, ел аумағында тұрақты тұратын жеке тұлғалар инфекциялық және паразиттік ауруларға қарсы екпелерді алуға міндетті (Кодекстің 85-бабының 4 және 8-тармақтары), олардың қатарына КВИ-ға қарсы профилактикалық екпе де жатады (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 612 қаулысына сәйкес).  

15 шілдеден бастап жұмыс берушілер мен қызметкерлер вакцинация мәртебесін тексермейтінін хабарлаған болатынбыз. Бұл ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев растады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы