Қазақстанда мектеп оқушылары арасында COVID-19-ды жұқтырғандар көбейген

Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанда дәстүрлі білім беру форматы енгізілгеннен кейін мектеп оқушылары арасында коронавирустық инфекцияның жоғарылауы байқалады. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.

Дәстүрлі білім беру форматы енгізілгеннен бері мектеп оқушылары арасында коронавирустық инфекциямен ауырғандардың өсуі байқалды. Төртінші тоқсанның басынан бастап 3706 оқушы ауырды. Оның ішінде 1093-і офлайн, 2613-і онлайн оқып жүргендер, - деді Алексей Цой Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, төртінші тоқсанда дәстүрлі форматта оқитын мектеп оқушыларының басым бөлігі Қарағанды, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарында байқалады.  Ал онлайн оқып жүргендер арасында - Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында ауырғандар көп.

Цой әкімдіктердің санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына және білім беру ұйымдарында COVID-тің алдын алу жөніндегі негізгі шаралардың орындалуына тұрақты бақылауды қамтамасыз етуі керек екенін атап өтті.  

Оның ішінде - таңертеңгі сүзгі, қызметкерлердің маска режимін сақтау, үй-жайларды дымқыл тазарту және дезинфекциялау.

Қызыл аймақтағы облыстарда офлайн-режимде оқытуға болмайды,- деді министр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы