Қазақстанда Linkedіn әлеуметтік желісі бұғатталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздегі іскерлік байланыс орнату және жұмыс іздеуге арналған Linkedіn әлеуметтік желісі бұғатталды. 26 шілдеде кешке қолданушылары әлеуметтік желіге кіре алмағанын айтып, шағымданған, деп жазды aikyn.kz.
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің мәліметінше, интернет-ресурс тарапынан заңбұзушылық тіркелуіне байланысты Linkedіn-ге қолжетімділік шектелген. Желіні талдау барысында интернет-казино жарнамасы және жалған парақшалар анықталған.
Linkedin интернет-ресурсының әкімшілігіне ескерту жолданды. Бірақ олар заң бұзушылықты жою үшін ешқандай шара қолданбады. Соған байланысты министрлік «Байланыс туралы» заңның 41-1-бабында көзделген тәртіппен әлеуметтік желі қызметін шектеді. Бұл ретте, Linkedin интернет-ресурсы заңнаманы бұзу деректерін жойған жағдайда, қолдануға мүмкіндік қайтадан беріледі, - делінген ведомство хабарламасында.Linkedіn – іскерлік қарым-қатынас, қызметкерлерді іздеу және бос жұмыс орындарын жариялауға арналған әлеуметтік желі. 2016 жылы компанияны Microsoft 26 миллиард долларға сатып алған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Жетісуда алаяқтар азаяр емес
Өзгелердің жаңалығы