Қазақстанда КВИ мен пневмониядан 21 науқас көз жұмды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ДСМ баспасөз қызметі Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 31 наурыздағы ақпаратты ұсынды.

31 наурыздағы мәлімет бойынша, 24 642 адам коронавирус инфекциясынан (22 841 КВИ+ және 1 801 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 8 327 пациент стационарда, 16 315 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 353 адамның жағдайы ауыр;
• 76 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 46 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.


Сонымен қатар министрлік COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі деректі де таратты.

2021 жылғы 29 наурыздағы мәлімет бойынша 82 жаңа жағдай тіркелді, 4 жағдай өліммен аяқталған, 199 адам жазылып шыққан, - делінген хабарламада.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап: Науқастар саны – 50 525, өлім жағдайлары - 688, барлығы 48 036 адам сауығып шықты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы