Қазақстанда коронавирусты екінші рет жұқтырған 2 жағдай тіркелген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «ҚР-да МСАК-тың рөлі мен дамытуды күшейту және COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы» өткен онлайн брифинг кезінде ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова айтты.

Біздегі мәліметтер бойынша Қазақстанда коронавирусты екінші рет жұқтырған екі жағдай тіркелген. Бұл туралы біз бұған дейін де айттық. Бұл Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында болған жағдай. Осы ретте айта кететін бір жайт, ПТР тестілері оң нәтижесі кейде өте ұзақ уақытта анықталып жататын кездер болады және оларды вирусты қайта жұқтыру деп қабылдауға болмайды. Қазіргі таңдағы зерттеу жұмыстары ПТР-тестілеудің сезімталдығы соншалық, ол геннің бөлшектерін, яғни жансыз вирусты тіркеуі де мүмкін, - деді Есмағамбетова.
Бұған дейін Алматыда коронавирустың «оңтүстікафрикалық» және «британиялық» штамдары тіркелгені хабарланған болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы