Қазақстанда коронавирусты қайта жұқтырудың қанша фактісі тіркелді?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл сұраққа Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова жауап берді. 

Оның айтуынша, қазіргі күні вирустың жаңа штаммдарының пайда болуына байланысты қайтара жұқтыру қауіпі жоғары.

Әзірге ресми тіркелген екі жағдай бар. Дегенмен, қайтара жұқтыру жағдайы мүмкін, жаңа штаммдар пайда болу жағдайында ол жоғары екенін атап өткім келеді. Клиникалық хаттамаға қайта жұқтыру жөніндегі түсінік енгізілді және оған қандай жағдайлар енетіні нақтыланды. Ақпараттық база зерттелуде. Әрбір қайта жұқтыру жағдайы консилиуммен бекітілуі керек, - деді ол.
Денсаулық сақтау вице-министрі Марат Шорановтың айтуынша, қазіргі күні елде қазақстандық мамандар тобы коронавирустан кейінгі асқынуларды есепке алу бойынша жұмыс жүргізілуде. 

Бұған дейін елде үш өңірден өзге жерлерде жұқтыру көрсеткіші жоғары екені туралы жазған болатынбыз.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы