Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан тағы 25 адам қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда коронавирус пен коронавирус белгілері бар пневмониядан тағы 25 адам қайтыс болды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті.

3 қарашадағы жағдай бойынша, ел өңірлерінде коронавирус пневмониясының 120 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді, 170 адам емделіп шықты. 

Жалпы 2020 жылдың 1 тамызынан 3 қарашаға дейін ауырғандар саны – 80 068, қайтыс болды – 5 059, жазылып шықты – 69516 адам. 

Сондай-ақ министрлік мәліметіне сәйкес, 4 қарашада елімізде коронавирус инфекциясынан 23 адам көз жұмды. 2020 жылдың 13 наурызынан биылғы 4 қарашаға дейін індетті жұқтырды – 945 922 адам, қайтыс болды – 12 204 науқас, жазылып шықты – 896 581 адам.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы