Қазақстанда қару сататын дүкендер тексеріле бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы білім беру мекемелеріндегі балалардың қауіпсіздігі туралы өткен брифингте ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділда Ораз айтты.
Нұрділда Ораз қатігездікке үгіттейтін интернет кеңістіктегі топтарға да бақылау жүргізілетінін айтты.Бүгін басталған «Қару» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында қару мен оқ-дәрілерді сату заңдылығына, оларды қару дүкендерінде, сондай-ақ атыс қаруының иелері болып табылатын заңды және жеке тұлғаларды қауіпсіз сақтау жағдайларына тексеру жүргізіледі, - деді Ораз.
Бұл шаралардың барлығы Қазандағы мектептегі қайғылы оқиғадан кейін жүзеге асырылып жатыр. Білім беру нысандарына алып кіруге тыйым салынатын заттар тізімі әзірленіп, мектептегі бақылау күшейтіледі.Сондай-ақ қатыгездік пен зорлық-зомбылықты насихаттау фактілерін, оның ішінде жастар форумдары мен пабликтерде анықтау және ден қою үшін интернет-кеңістікке тұрақты мониторинг жүргізіледі, - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
«Тәуелсіздіктің мен үшін маңызы» жобасы басталды
Өзгелердің жаңалығы