Қазақстанда қанша Теңге бар?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандықтар бүгін Ұлттық валюта күнін атап өтуде. Еліміздің кейбір тұрғындары балаларының есімін осы теңгемен байланыстырып қойып жатады.

Сонымен елімізде Теңге есімімен қанша адам тұрады?

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің сайтындағы мәлімет бойынша, Қазақстанда Тенге есімді 81, ал Теңге есімді 11 адам бар. Атаудың тағы бір қызық нұсқасы – Ақтенге.  Бұл есімнің орысша нұсқада жазылуында 99 адам және Ақтеңге есімді 57 адам тұрады.

Ақтеңге Қаналиева есімді бойжеткен есімінің өзіне ұнайтынын айтады. 

Мені атам осылай атаған. Мен дүниеге келген жылы біздің валюта пайда болды. Маған атым ұнайды. Оның мағынасы туралы ешқашан ойланған емеспін. Жарқын және мейірімді қыз болсын деп Ақ деген сөзді қосқан шығар, – деді ол.
Ақтеңгемен бір сыныпта Теңге деген қыз оқыған екен. Екеуі де Маңғыстау өңірінен шыққан.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы