Қазақстанда қанша фабрикадан құс тұмауы тіркелгені белгілі болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қазақстанның құс өсірушілер одағының вице-президенті Бақыт Қойшығұлова «Қазақстандағы құс тұмауына қарсы шаралар мен өнімдердің қауіпсіздігі» тақырыбында өткен баспасөз конференциясында айтты.
Құс тұмауы тамыз айында Ресейде тіркелді. Құс тұмауы - экономикалық қана емес, құс шаруашылығы саласына да үлкен зардап әкелетін проблема. Алдын алу шаралары мен вакцинацияға да қомақты қаржы кетіп, жұмыс орындары қысқаратынын да ескеру керек, - деді ол.
Қойшығұлова атап өткендей, Қазақстанда құс тұмауы соңғы 15 жылда тіркелмеген.
Құс тұмауы соңғы рет 2005 жылы тіркелді. 9 облыс пен 48 елді мекенде құс тұмауы тіркелді. Көп жағдай жеке секторда анықталып отыр. Өкінішке қарай, 3 құс фабрикасында құс тұмауы тіркелді. СҚО-да 2, Қостанай облысында 1 құс фабрикасында құс тұмауы тіркелді. 48 елді мекенде уақытша карантин жарияланды. Құс пен құс өнімдерін шығару бойынша тыйым салынды, - деді ол.
Ол атап өткендей, кей өңірлерде құс фабрикалары маңында санитарлық қауіпсіздік шаралары сақталмайды.
Бүгінде құс тұмауы бойынша тұрғындар алаңдап отыр. Қауіпсіздік бойынша құс өнімін сатып алмай отыр. Бұл - дұрыс емес. Құс тұмауы тіркелмеген фабрикалардың өнімі таза, - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Профессионалдар. Флорист
Өзгелердің жаңалығы