Қазақстанда қандай мамандықтар жойылуы мүмкін? Еңбек министрлігінің болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ержан Біржанов Мәжілістегі жиында 2035 жылға қарай қандай мамандықтарға сұраныс жоғалуы мүмкін екендігін айтты.
Автоматтандыру және технологиялық инновациялар, демографиялық өзгерістер, жаңа бизнес-идеялар 2035 жылға қарай жұмыстың 1/3 бөлігін автоматтандыруға әкеледі. Бұл факт жұмыс орындарының 3/4 бөлігіне әсер етуі мүмкін. Жұмыспен қамтудың икемді нысандарын қолдану кеңейеді. Ол экономиканың дәстүрлі салаларын да қамтиды. Осы фактілер дағдыларды жетілдіруді, мақсатты түрде жаңа білімді игеруде озық тәжірибені зерделеуді талап етеді, - деді Ержан Біржанов.
Ол, сонымен қатар, көптеген мамандық бойынша дағдылардың өзектілігі 5 жылға ғана дейін сақталатынын айтты.
Егер 10 жыл бұрын алған білім мен дағды 10-15 жыл жұмыс істесе, цифрландыру және жаңа технологиялардың пайда болу дәуірінде дағдылар мен білім тез ескіреді. Автоматтандыру қаупіне ең көп жататындар күнделікті іс-әрекеттерді қамтитын кәсіптер болып саналады. Бұл мамандықтар үшін білімнің ескіруі және оның мүлдем жойылып кету қаупі бар. Мысалы, қоғамдық көліктердегі кондукторларды айтуға болады, - деді вице-министр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстанда жұмыссыздардың көбі бастық болғысы келеді
Өзгелердің жаңалығы