Қазақстанда камуфляж кигендерге айыппұл салынуы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырауда әскери полиция қызметкерлері камуфляж формамен жүрген адамдарға оны киюге тыйым салынатынын түсіндіріп жүр, себебі айыппұл салынуы мүмкін.

"Хабар 24" телеарнасының мәліметінше, әзірге шаралар тек ескертумен шектелген, бірақ қатаң жаза қолданылуы да мүмкін. 

Мамандандырылған дүкендерде әскери жабдықтарға сұраныс жоғары. Себебі сапасы жақсы киімнің бағасы қолжетімді. Сол үшін ол адамдарға ұнайды. Алайда әскери форманы киюге тыйым салынған.

Ия, бұл үшін айыппұл салынатынын естідім. Бірақ маған мұндай форма өте ұнайды. Біріншіден, сапасы жақсы. Киім төзімді, ұзақ киесің, үй шаруашылығына ыңғайлы. Айыппұл салатын болса, дүкендерда сатуға тыйым салынсын. Мен басқа нұсқаны көріп тұрғам жоқ. Әскери киімді қазір кез келген жерден сатып алуға болады ғой, - дейді Атырау тұрғыны Жандос Тұрланұлы.

Оған қоса әртүрлі әскердің кез-келген шеврондары мен жапсырмаларын да алуға болады. Оған ешқандай рұқсат құжаттары қажет емес.

Тұрғындар арасында әскери форма танымал. Олар оны көбіне арнайы киім немесе жұмыс киімі ретінде пайдаланады. Ал камуфляждағы адамдар қылмыс жасаса, қоғам оны әскери қызметші деп қабылдайды. Бұл қарулы күштер мен әскери қызметшілердің беделіне нұқсан келтіреді, - деп атап өтті әскери полиция қызметкері Бақтияр Дәуренқұлов.

Атырауда түсіндіру науқаны басталғалы бері 28 ескерту жасалған. Ескерту қайталанған жағдайда жаза қолданылады. Жеке тұлғаларға 14 мың теңге, заңды тұлғаларға 70 мың теңге айыппұл салынды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы