Қазақстанда дамып келе жатқан салалар белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Марат Қарабаев елде дамып келе жатқан салаларды атады.

Ол айтып өткендей, Мемлекет басшысы өз Жолдауында алдағы 5 жыл ішінде, яғни 2025 жылды қоса алғанда өңдеу өнеркәсібі көлемін 1,5 есеге ұлғайту туралы нақты тапсырма берді. Тапсырманы орындау мақсатында осы жылға және алдағы 5 жылға нақты іс-шаралар бекітілді.

Былтыр 2020 жылы өңдеу өнеркәсібінің көлемі 13 трлн теңге болса, 2025 жылдың қорытындысына қарай 19,5 трлн теңгені болуы қажет. Болжамымыз бойынша осы көрсеткішке қол жеткізу үшін нақты көлем индексі әр жылда 4-5%-дың аралығында өсуі керек. Бұл өсім сақталып келе жатыр. 8 айдың қорытындысына сәйкес көлем индексінің өсімі өңдеу өнеркәсібі ішінде 5,8%-ды құрады, - деді вице-министр.

Марат Қарабаевтың айтуынша, ең үлкен өсім көрсеткен салалар - фармацевтика, құрылыс материалдарын өңдеу саласы, ол 10%-ға өсті және машина жасау саласы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы