Елімізде цифрлық трансформация көшбасшылары даярлануы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылдың 7 қыркүйегінде Мәскеу халықаралық білім алаңында BCPD Ltd. басшысы Эльмира Обри және 2035 университетінің бас директоры Нина Яныкина келісімдерге қол қою арқылы цифрлық трансформациялардың басшыларын дайындауға арналған бірлескен бастамаларды жүзеге асыратындарын жариялаған болатын.

Тараптар стратегиялық салалардағы жалпы сауаттылықтан бастап жетілуге дейінгі цифрлық трансформацияның барлық деңгейіне бағытталған мамандарды дайындау және қайта даярлау бағдарламаларын әзірлеуге және іске қосуға ниетті.

Сонымен қатар цифрлық экономика талап ететін адам капиталын дамыту, технологиялық компаниялардың акселерациясы және өзекті құзыреттіліктерді қалыптастыру сияқты жобалар да талқыланды.

BCPD басшысы Эльмира Обри BCPD мен 2035 университеті арасындағы ынтымақтастық білім беру платформаларының негізінде құрылатындығын жеткізді.

CDO мен CDTO-ның дайындалуы – бұл біздің келісімімізді жүзеге асыру процесінің алғашқы сатысы. Экономика үкімет деңгейінде де, корпоративтік сектор деңгейінде де білікті цифрлық мамандарға өте мұқтаж. Бұл - біздің басымдық. Біз цифрландыру саласындағы кәсіби ұшқырландырудың көптеген қосымша жолын бақылап отырмыз, әрі олардың барлығын біртіндеп нарық қажеттіліктеріне қарай жүзеге асырамыз. 2035 университеті – бұл бағыттағы мақсаттарға жетуіміздің ресурстары, құзыреттіліктері мен әріптестер желісі бар негізгі серіктестеріміздің бірі, - деді ол.

2035 университетінің бас директоры Нина Яныкина университет ақпарат пен жасанды интеллектіге сүйене отырып оқу процесінің тиімділігін арттыратын басқарушылық шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретін бірнеше цифрлық қызмет пен оқу форматтарын жасап шығарғанын айтты.

Біз Қазақстандағы әріптестерімізбен кадрларды дайындау және цифрлық сауаттылықты жоғарылату бойынша бірлескен жобаларды іске асырғымыз келеді. Өйткені 2035 университеті бұл салада іс жүзінде біраз тәжірибе жинақтады және онымен бөліскіміз келеді. Бұл, ең алдымен, басқарушылық кадрлар мен цифрлық экономика педагогтерін дайындау үшін маңызды, - деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы