Қазақстанда боран салдарынан бірқатар жол жабылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда боран салдарынан бірқатар жол жабылды. «ҚазАвтоЖол» АҚ қандай бағыттағы жолдар жабылатынын хабарласа, ТЖМ жолдағы қауіпсіздікті сақтауға шақырады.
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ және «Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ деректері бойынша 13 қаңтарда сағат 08.30-да қар, бұрқасын мен жолдың нашар көрінуіне байланысты Омбы-Майқапшағай автожолында Семейден Қалбатау кентіне дейінгі барлық автокөлік түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.
13 қаңтарда Павлодар облысында ауа райының нашарлауына байланысты Қызылорда-Павлодар автожолында Молодежный кентінен Павлодар облысының шекарасына дейін барлық автокөлік түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді, - делінген хабарламада.
Сонымен қатар «Қазгидромет» РМК деректері бойынша алдағы күндері еліміздің сегіз өңірінде Нұр-Сұлтан қаласында, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, қар, тұман, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Өз кезегінде Төтенше жағдайлар министрлігі қыс маусымында көлікпен алыс жолдарға шықпас бұрын, ауа райы болжамын міндетті түрде зерделеген жөн екенін ескертеді.
Егер қатты боран, бұрқасын болса, жол кептелісінде ұзақ тұрып қалуыңыз мүмкін. Тіпті жол-көлік оқиғасына да тап болуыңыз ықтимал.
Төменде келтірілген қарапайым ұсынымдарды орындасаңыз, боран болған кезде және бораннан кейін аман қалуға көп септігін тигізеді.
Қыста жолға шығар алдында:
1. Ауа райы болжамын мұқият зерделеңіз;
2. Қозғалыс үшін қандай жолдар жабылуы мүмкін екенін анықтаңыз. Ақпаратты «Қазавтожол» ҰК сайтында толығымен жабық учаскелердің картасын көруге болады. Не болмаса бірыңғай телефон нөмірі 1403 немесе құтқару қызметінің «112» телефон нөмірі, сондай-ақ «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы нақтылауға болады.
«112» қызметінен ресми дауылды ескерту алған жағдайда елді мекендерден және жолға шығудан бас тарта тұру қажет.
Шұғыл қызметтер авттомобильдерді лектік ілесіп жүруге шешім қабылдаған жағдайда:
- жол қозғалысы ережелерін сақтаңыз;
- ілесіп жүретін шұғыл қызмет белгілеген жылдамдық режимін сақтаңыз;
- өткізу пунктінен шыққан автомобильдің артынан ілесіңіз және оны басып озбаңыз;
- алдында келе жатқан автомобильдің арасындағы қашықтықты сақтаңыз;
- алдағы автомобильдерді басып озуға болмайды;
- айналаңыздағы қозғалысқа үлкен мән беріңіз.