Қазақстанда жанармай тапшылығы бар ма? Вице-министр жауап берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
Бензин бойынша жағдай тұрақты. Қазанда АИ-92-нің 304 мың тоннасын өндіру жоспарланып отыр. Оның ішінде АМӨЗ-де 130 мың тонна, Шымкент МӨЗ-де 153 мың тонна, ПМХЗ 20 мың тонна өндіруі керек. Айдың басында 230 мың тонна қор қалды. Бір айдағы тұтыну өтеліп тұр. Ол 340 мың тоннаны құрайды. Қазанда жағдай тұрақты болуы керек. Осыған дейін қараша-желтоқсанда экспорттық көлем де пайда болуы мүмкін деп болжаған едік, - деді Мағауов.
Ол атағандай, дизель отынының бағасы ресейлік серіктестердің коммерциялық келіссөздер аясында бекітіледі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазан айында 330 мың тонна дизель отыны өндіріледі – Мағауов
Келесі жаңалық
Өндірісті локализациялау келешегі талқыланды
Өзгелердің жаңалығы