Қазақстанда автобус тасымалы мен электричка қозғалысы жанданды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда ауданаралық, қалааралық, облысаралық және халықаралық автобус тасымалы, сондай-ақ автобекеттер мен автостанциялардың жұмысы жанданды.
Қазақстан «KAZLOGISTICS» көлік одағының баспасөз қызметі хабарлауынша, олардың жұмыс режимі мен автобустардың жүру кестесі өңірлердегі эпидахуалға байланысты белгіленеді.
Бас санитардың 2020 жылғы 25 желтоқсандағы қаулысында қалааралық, ауданаралық автобус тасымалы «қызыл, сары, жасыл» аймақтарға қойылатын талаптарға сәйкес реттеліп отырады.
Осылайша санитарлық-эпидемиологиялық талапты сақтай отырып, қалааралық және ауданаралық автобус тасымалының қызметіне рұқсат етілді.
Сондай-ақ «Қазақстан темір жолы» ҰҚ АҚ-на жолаушылар пойызы/электричкасы қозғалысын жандандыруға рұқсат берілді.
Еске салсақ, биыл наурыз айынан бастап елде карантиндік шектеулердің енгізілуіне байланысты өңірлер арасында автобус тасымалы тоқтатылған болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қытай допинг қолданғандарды түрмеге қамамақ
Өзгелердің жаңалығы