Қазақстанда ауа температурасы 21 градусқа дейін төмендейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан бойынша 2021 жылдың 4-6 қарашасына арналған ауа райы болжамы жарияланды.
Суық Солтүстік-Батыс антициклоны жауын-шашынның тоқтатылуы мен температураның айтарлықтай төмендеуін тудырады.
Тек 4 қарашада ғана оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлерде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты қар, таулы аудандарда қатты қар жауады, жел күшейеді, көктайғақ, бұрқасын болады.
Сондай-ақ республиканың басым бөлігінде тұман күтіледі. Ауа температурасы батыста түнде 1-6 аяз, күндіз 0-5, оңтүстікте 3-8 аяз, күндіз 10, солтүстік-батыста 8-13-тен 0-10-ға дейін аяз, күндіз 5 аяз-6 жылу, солтүстікте 13-18-ден 0-10-ға дейін аяз, күндіз 0-8-ден 0-6-ға дейін, орталықта және еліміздің шығысында түнде 13-21-ден 5-13-ке дейін аяз, күндіз 2-13-тен 0-8-ге дейін аяз, солтүстік-шығыста 0-8 жылу, оңтүстік-шығыста түнде 5-13 аяз, күндіз 2-7 аяздан 0-5 жылуға дейін.