Қазақстанда алғаш рет онлайн санақ әдісі қолданылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов айтты. Биыл ұлттық халық санағының жаңашылдығы заманауи цифрлық технологияларды енгізуде болып отыр.
Осылайша, санақ процесі автоматтандырылатын көрінеді.
Бірінші әдіс – sanaq.gov.kz мамандандырылған сайтында интернет-сауал салу жүргізу. Ол виртуалды көмекші арқылы респонденттерге орналасқан жеріне қарамастан өздігінен санақтан өтуге, өзіне және отбасы мүшелеріне санақ парақтарын толтыруға мүмкіндік береді. Сайт 2021 жылғы 1-15 қазан аралығында тәулігіне 24 сағат бойы қолжетімді болады, - деп атап өтті Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов.
Сонымен қатар, egov.kz электрондық үкімет сайтының басты бетінде sanaq.gov.kz мамандандырылған сайтына сілтеме бар. Сол сілтеме бойынша өту арқылы онлайн режимде санақ парақтарын толтыруға болады.
Сондай-ақ респонденттер Халыққа қызмет көрсету орталықтарында, әкімдіктерде, пошта бөлімшелерінде, мектептерде және т.б. орналасатын, арнайы ұйымдастырылған нұсқаушылық учаскелерде санақтан өте алады.
Елімізде Ұлттық халық санағын өткізу 2020 жылғы 1–30 қазан аралығына жоспарланған болатын. Алайда елдегі СOVID-19 пандемиясына байланысты санақ биылғы жылдың күзіне ауыстырылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Түркістан облысының тұрғыны алимент қарызын өтеді
Өзгелердің жаңалығы