Қазақстанда 8 авиакомпанияның қызметі тоқтатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде бірқатар авиакомпанияның қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды ИИДМ баспасөз қызметі.

Авиациялық әкімшілік 2020 жылы ұшу және әуе қауіпсіздігі саласында бірқатар іс-шараны атқарды:
 

- 65 инспекциялық тексеріс;

- 9 әуе компаниясын сертификаттау;

- аэронавигация саласында 17 аудит;

- 31 әуе айлақты сертификаттау;

- әуе айлақтарына 19 инспекциялық тексеріс.

«Тексеру нәтижелері бойынша ұшу қауіпсіздігі бойынша талаптарды сақтамаған 8 әуе компанияның, соның ішінде «Бек Эйр» компаниясының қызметі тоқтатылды», делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы