Қазақстанда 54 мемлекеттің азаматтары үшін визасыз кіруді тоқтату мерзімі ұзартылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы іс-қимыл шеңберінде Үкімет әлемнің 54 елінің азаматтары үшін біржақты визасыз режимнің қолданылуының уақытша тоқталу мерзімін 31 желтоқсанынға дейін ұзарту туралы шешім қабылдады.
Көрсетілген санаттағы шетелдіктерге елге визасыз кіру мүмкіндігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысымен бекітілген Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуі қағидаларының 17-тармағында көзделген.Бұған дейін оның күші Үкіметтің 2020 жылғы 17 сәуірдегі № 220 қаулысымен (2020 жылдың 1 қарашасына дейін), кейінірек 2020 жылғы 30 қазандағы № 727 қаулысымен (2021 жылдың 1 мамырына дейін) тоқтатылды.
Норма келесі елдердің азаматтарына қолданылады: Америка Құрама Штаттары, Аустралия Одағы, Аустрия Республикасы, Бахрейн Корольдігі, Бельгия Корольдігі, Болгария Республикасы, Ватикан, Вьетнам Социалистік Республикасы, Германия Федеративтік Республикасы, Грек Республикасы, Дания Корольдігі, Жаңа Зеландия, Жапония, Израиль Мемлекеті, Ирландия Республикасы, Исландия Республикасы, Испания Корольдігі, Индонезия Республикасы, Италия Республикасы, Канада, Кипр Республикасы, Колумбия Республикасы, Кувейт Мемлекеті, Қатар Мемлекеті, Латвия Республикасы, Литва Республикасы, Лихтенштейн Князьдігі, Люксембург Ұлы Герцогтігі, Мажарстан, Малайзия, Мальта Республикасы, Мексика Құрама Штаттары, Монако Князьдігі, Нидерланд Корольдігі, Норвегия Корольдігі, Оман Сұлтандығы, Польша Республикасы, Португалия Республикасы, Румыния, Сауд Арабиясы Корольдігі, Сингапур Республикасы, Словак Республикасы, Словения Республикасы, Таиланд Корольдігі, Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі, Филиппиндер Республикасы, Финляндия Республикасы, Француз Республикасы, Хорватия Республикасы, Чех Республикасы, Чили Республикасы, Швейцария Конфедерациясы, Швеция Корольдігі және Эстония Республикасы.