Қазақстан зиянды қалдықтарды көп бөлетін елдер қатарында
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Жасыл Даму» АҚ бас директорының орынбасары Гүлмира Ісмағұлова «Экология және жасыл көгалдандыру саласындағы ынтымақтастық» тақырыбындағы Қазақстан мен Ресейдің XVII аймақаралық ынтымақтастық форумында айтты.
Оның айтуынша, Қазақстан көміртегін көп бөлетін елдер тізімінде бесінші орында тұр. Сондай-ақ бөлінетін көмір қышқыл газын адам басына шаққан көрсеткіште де алғашқы орындарда тұрмыз.
Әлем бойынша бөлінетін булы газ қалдықтарының 0,86%-ы Қазақстанға тиесілі. Еліміздегі газ қалдықтарының 80 пайызға жуығы кен өндіру, тасымалдау, өңдеу және экономиканың барлық саласындағы жанар-жағармайды жағудан бөлінеді. 6%-ы жанармайды пайдаланбайтын өндіріс орындарынан бөлінген. Ауыл шаруашылық саласында бөлінетін газ қалдықтары– 10%-дан асады. Сондай-ақ, орман және жерді пайдаланудан 3%-дай қалдық бөлінеді. Статистикаға қарайтын болсақ 2019 жылы 1990 жылға қарағанда зиянды газ қалдықтарын 2,4 пайызға аз бөлгенбіз,-дейді Ісмағұлова.
Сондай-ақ ол елімізден бөлінетін зиянды газ қалдықтарының құрамына тоқталып өтті.
Зиянды газдың құрамына келсек, оның 84 пайызын көмір қышқыл газы құрайды, метан -11%, азот аксиді – 0,5%, қалғандары булы газ. Мұндай зиянды қалдықтардың бөлінуін әлі де төмендетіп, бақылауға алу қажет. Қазір зиянды қалдықтар мөлшерін төмендету жөнінде «Жол картасы» әзірленді. Алдыда 1990 жылмен салыстырғанда 2030 жылы бөлінетін қалдықтарды 15%-ға дейін төмендету міндеті қойылды,-дейді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Темекі өнімдерін таңбалау жұмысы жеңілдейді
Өзгелердің жаңалығы