Еліміздегі жолдардың мәселесі туралы айтатын Youtube арнасы ашылды

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан жолшыларының «Jol.kz» Youtube арнасы ашылды.

Бүгіннен бастап жолшылар қауымының Youtube арнасы жұмыс істейді. Ол арна қоғамда туындаған сұрақтарды талқылайтын алаңға айналады деп ойлаймыз. Халыққа жақын арна болсын, - деді «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы»  ШЖҚ РМК бас директоры Замир Сағынов. 

Платформада жол саласына қатысты жаңалықтар мен пікірлер, қазақстандық жолдардың мәселесі жарияланбақ.
«ҚазАвтожол» ҰҚ» АҚ Ұлан Әліпов 2014 жылы басталған «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 13 мың шақырым жол жөнделгенін айтты. 

 

Былтыр қабылданған бағдарлама бойынша 2025 жылдың аяғына дейін 24 мың шақырым жолдың құрылысын аяқтап, сервис нысандарын жақсарту міндеті тұр. Ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. Әрине, сын да айтылып жатыр. Атқарылған жұмыстарды халыққа көрсету мен айтылған сын бойынша түсіндіру мақсатында  «Jol.kz» арнасы ашылып жатыр, - деді ол. 
 

Салтанатты шара аясында жол тақырыбы саласында қалам тербеп жүрген БАҚ өкілдері үздік газет, радио, телевизия және интернет номинациялары бойынша марапатталды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы